Компания туралы

Компанияның презентациясы

       Бірлескен күкірт қышқылы зауыты «Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («СКЗ Казатомпром» БК) Ақмола облысында жылына 180 мың тонна өндірістік қуаты бар күкірт қышқылы зауытын қайта құру жобасының операторы болып табылады. Жоба Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға және Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына енгізілген. Меншік құрылымы: «Біріккен химиялық компания» ЖШС (90,11%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК »АҚ (9,89%).
       Алғашқы өнімді (ГОСТ 2184-2013 техникалық күкірт қышқылы) іске қосу және шығару 2015 жылы жүзеге асырылды. Өндірістің негізгі шикізаты - «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін түйіршікті күкірт.

       Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған, заманауи жабдықтармен және экологиялық таза (барлық процестер жабық). 230-дан астам адам жұмыспен қамтылған. Өнімнің негізгі тұтынушылары Қазақстан Республикасының уран өндіруші кәсіпорындары болып табылады.


«SSAP» ЖШС Бақылау кеңесінің Төрағасы -
«Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма мүшесі, активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры


Ералин Жусуп Максутович

Ералин Жусуп Максутович.jpg

Туған жылы: 13 қаңтар 1983 жылы.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Білімі:
2000 ж. – 2004 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Нұр-Сұлтан қ. Мамандығы «Экономика және Менеджмент»;
2007 ж. – 2008 ж. – University Of Durham Дарем (Ұлыбритания). Мамандығы «MSc in Finance». «Болашақ» Президенттік бағдарламаның стипендиаты;
2017 ж. – 2018 ж. МБжҚИ Ұлттық зерттеу технологиялық университеті Алматы қ./ Москва қ. Мамандығы «MBA – Кен өндіру менеджменті».
Жұмыс тәжірибесі (соңғы 5 жыл ішінде):
07/2021 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма мүшесі, активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры;
09/2020 ж. – 07/2021 ж. – Қазақстандық Инвестициялық даму қоры (KIDF) – Басқарма Төрағасының орынбасары;
04/2020 ж. – 09/2020 ж. – «Зерде» Холдинг» АҚ қаржы директоры, Ұлттық инфокоммуникациялық Холдинг;
04/2017 ж. – 03/2020 ж. – «Байкен-U» ЖШС Бас директоры, Генеральный директор в ТОО «Байкен-U», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Marubeni басқаратын жапон акционерлерінің консорциумы арасындағы БК;
05/2016 ж. – 04/2017 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және жоспарлау Департаментінің Директоры;
10/2015 ж/г. – 05/2016 ж/г. – «Заречное» БК» АҚ бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.



«SSAP» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі -
«Біріккен химиялық компания» ЖШС экономика және жоспарлау департаментінің Директоры


Ашимов Нуржан Тюлегенович

Ашимов Нуржан Тюлегенович.jpg

Туған күні: 16 қыркүйек 1984 жылы.
Азаматтығы: Қазахстан Республикасы.
Білімі:
2002 ж. – 2006 ж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті Мәскеу қ.. Мамандығы «Фирма экономикасы және кәсіпкерлік негіздері»;
Жұмыс тәжірибесі:
05/2018 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Біріккен химиялық компания» ЖШС экономика және жоспарлау департаментінің Директоры;
02/2013 ж. – 05/2018 ж. – «Біріккен химиялық компания» ЖШС экономика және жоспарлау департаментінің бас менеджері;
09/2011 ж. – 02/2013 ж. – «AstanaInnovations» АҚ технологиялар трансферті бөлімінің бас менеджері (жоба менеджері);
08/2010 ж. – 09/2011 ж. – «Қазақстандық электрэнергетика және энергия нарығы операторы» АҚ, қаржы-экономикалық бөлімінің менеджері;
05/2010 ж. – 08/2010 ж. – «Қазақстандық электрэнергетика және энергия нарығы операторы» АҚ, қаржы-экономикалық бөлімінің жетекші маманы;
01/2009 ж. – 05/2010 ж. – «Қазақстандық электрэнергетика және энергия нарығы операторы» АҚ, биржалық сауда бөлімінің жетекші маманы;
01/2008 ж. – 12/2008 ж. – «Қазақстандық электрэнергетика және энергия нарығы операторы» АҚ, қаржылық есеп айырысу тобының жетекші маманы;
01/2007 ж. – 12/2007 ж. – «Қазақстандық электрэнергетика және энергия нарығы операторы» АҚ, биржалық сауда бөлімінің маманы.



«SSAP» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі -
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және жоспарлау Департаментінің Бас менеджері


Мукажанова Надира Берикбековна

Мукажанова Надира Берикбековна.jpg

Туған жылы: 23 тамыз 1988 жылы.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Білімі:
2006 ж. – 2010 ж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті Алматы қ. Мамандығы «Қаржы».
Жұмыс тәжірибесі:
05/2015 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, экономика және жоспарлау департаментінің бас менеджері;
12/2011 ж. – 04/2015 ж. – «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС, экономикалық басқару менеджері.










«SSAP» ЖШС Директоры


Умербаев Адилхан Абдрахманович

Умербаев Адилхан Абдрахманович.jpg

1962 жылы 10 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары техникалық (Беларусь политехникалық институты (Минск қ., 1980-1984 жж) – автомобиль инженер-механигі).
Қосымша біліктілік:
«Public Administration» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту(АҚШ);
«Халықаралық бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту (АҚШ);
«LG корпорациясының мысалында ірі компаниялардың халықаралық тәжірибесін зерттеу» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту (Оңтүстік Корея).
Жұмыс туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі;
«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, директор-басқарма мүшесі;
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарушы директоры;
«Альянс Банк» АҚ Вице-президенті, Басқарушы директоры;
«NOKIAN Tyres» АҚ (Финляндия) бірлесе отырып Астана қаласында премиум класс жолаушылар шиналарын шығаратын шина зауытының құрылысы» инвестициялық жобасы бойынша басқарушы компания «ORDABASI-PST» АҚ Басқарма төрағасы;
«INCOMTYRE» АҚ (Шымкент шина зауыты) Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
«Қазақстан фермерлер Одағы» РОО Президенті;
«КазкоммерцБанк» АҚ Басқарма Төрағасының Кеңесшісі;
Аппарат Басшысы – «Ақ жол» ҚДП Президиумының мүшесі, Астана қаласы;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының орынбасары – атқарушы директоры;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің кадр жұмысы, аймақтық саясат және бақылау басқармасы бастығының орынбасары, сараптама-талдау бөлімі бастығының бірінші орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы, ұйымдастыру, бақылау және қауіпсіздік басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігі бас директорының орынбасары;
XIII-сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қаржы және бюджет Комитетінің Банктер және сақтандыру қызметі жөніндегі кіші комитетінің Төрағасы;
Ленинск қаласы әкімінің экономика және нарықтық қатынастар жөніндегі орынбасары Референт, халық депутаттары Ленин қалалық Кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (Байқоңыр ғарыш айлағы, Республикалық маңызы бар қала);
қалалық комитетінің, обкомның бұқаралық қорғаныс және спорт жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО-ның облыстық комитетінің ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, «Атамекен» жастар орталығының директоры;
Қазақстан ЛКЖО-ның Қызылорда облыстық комитеті;
Оқу шебері, аудандық комитет құқығымен комсомол комитетінің хатшысы;
Қызылорда жүк автобасқармасының АТП-3 өндірістік-техникалық бөлімінің инженері, бастығы.
Өмірбаев Әділхан Әбдірахманұлы Қазақстан Республикасының 5 мемлекеттік наградасымен марапатталды.


10-мес_каз.jpg

Структура_каз.jpg