2024 жылдың 11 қазанында «SSAP» ЖШС-де «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.
«ССАП» ЖШС басқарма төрағасы Руслан Темержанұлы Қасейінов өз қызметкерлерімен бірге ағаш отырғызуға атсалысып, бұл акцияға қолдау көрсетті.
Жалпы, 2024 жылға жоспарланған 200 бірлік көлемінде ағаш отырғызу жұмыстары көктемде егілді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында «SSAP» ЖШС 50 түп ағаш отырғызды.
Қасейінов Р.Т. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аумақты дамытуға үлес қосып қана қоймай, еңбек ұжымын біріктіріп, ынтымақ рухын оятатынын атап өтті.